Қазақстандықтарды сан соқтырған күдіктілер Шымкенттен ұсталды

162

Екі құрбы өз құрбандарын мобильді банкинг арқылы тауарлай несие алуға және төлем жасау үшін оларға жеке деректерін беруге көндірген. Қажетті кодтарды білгеннен кейін, тұрғындардың деректерін пайдаланып, дүкеннен тауар алып, қайта сатқан.

Үш айдың ішінде қыздар Шымкент, Алматы, Астана және Түркістан облысының 45 тұрғынынан 40 миллионнан астам теңгесін қағып алған.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер қала аумағында ұсталды. Олардың бірі – БҚО-ның тұрғыны болып шықты. Жәбірленушілердің арызы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық істің материалдары сотқа жолданады, – деді Қаратау АПБ-ның тергеушісі Нұрислам Есенбеков.

Алдыңғы пост
Шымкентте жолдарды күтіп ұстауға жауапты 100-ден астам адам жауапқа тартылды
Келесі пост
Әскери қызметшілер ұстаздарға құрмет көрсетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu