Министрліктің экс-қызметкері 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды

59

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Антикор.

«ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды.Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды. Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады.Тергеу жалғасуда.

Алдыңғы пост
Қазақстан шетелдік спортшыларға қаржы бөлмейді
Келесі пост
185 млрд теңге: Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем төленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu