Қазақстанда алғаш рет колледж студенттері арасында республикалық спартакиада өтуде

58

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен колледж студенттерінің «Еңбек кубогі – 2025» республикалық спартакиадасы басталды. Айта кету керек, колледж студенттері арасында мұндай спорттық шара кең көлемде алғаш рет өткізілуде деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Спартакиаданың ресми ашылуына қатысқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ел экономикасының дамуының негізгі тетіктерінің біріне айналған техникалық және кәсіптік білімді трансформациялау – сапалы кадрлық әлеуетті дамыту, колледждерді бизнеспен, халықаралық білім кеңістігімен интеграциялау, жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастар үшін перспективалы келешек қалыптастыру бағыттары бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы екі жылда колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есеге артты. Студенттер колледж қабырғасында стартап жобаларға қатысып, кәсіпкерлік дағдыларын меңгеруде. Мемлекет сіздерге зор үміт артады. «Еңбек кубогі» спартакиадасы сіздердің ел ертеңінің тірегі болатын азамат ретінде қалыптасуларыңызға жол ашатын маңызды бастама болады деп сенемін. Адал еңбек пен сапалы білім ғана жарқын болашақтың кепілі болмақ», – деді министр.

Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен 2000-ға жуық студент қатысып, футзал, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және волейбол сынды бес спорт түрінен бақ сынауда.

Айта кету керек, спартакиада бес күнге жалғасады. Оның қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен студенттердің Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне білім грантын ұтып алу және еліміздің жетекші кәсіпорындарынан шақырту алу мүмкіндігі бар

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді
Келесі пост
Астанада заңсыз майнинг: 900 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu