Астанада заңсыз майнинг: 900 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді

62

Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

«Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады. Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды. Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады. Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді»,- деп хабарлайды ҚР қаржылық мониторинг агенттігі.

Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.

Алдыңғы пост
Қазақстанда алғаш рет колледж студенттері арасында республикалық спартакиада өтуде
Келесі пост
Air Astana Атырау мен Баку арасында тікелей рейстерді орындайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu