Ол жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен.
Кей БАҚ күдіктінің қалалық әкімдікке қарасты “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС маманы екенін хабарлады. Есімі Ернар Жиенбай, 1994 жылы туған. Оның бұл әрекетке баруына Берденов, әйеліне тиіскен деген қауесет тарады.
Алайда, полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Мәліметке сәйкес, жеке мәселелері бар деп мәлімдеді.
“2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс қаруын қолдану фактісі болды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Күдікті ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.”
Қазіргі таңда, қала әкімі орынбасарының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ол, дәрігерлердің бақылауында.