33
Облыс прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату дерегін анықтады.
Сәтбаев қаласының тұрғыны үйінде суррогаттік алкогольді дайындайтын цех ұйымдастырып, әрі қарай қала тұрғындарына сатқан.
Тінту барысында одан тоннаға жақын құрамында спирт бар тағамдық өнімдері, дайындайтын құралдар және бірнеше акцизсіз темекі өнімдері анықталды.
Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады.
Сәтбаев қалалық сотымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.