Тұрғындардың өтініші бойынша автобус бағыты арғымаққа дейін ұзартылды

99

Бүгінгі таңда №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Арғымақ шағынауданына дейін ұзартылды. Қала әкімі М. Әйтенов осыдан бір ай бұрын газдандырылған елдімекенге арнайы барып, тұрғындармен кездескен болатын. Жергілікті азаматтар М.Дүйсенбекұлынан шағынауданға автобус бағытын ұйымдастыруға ықпал етуді сұраған болатын. Халықтың талап-тілегін ескерген қала әкімі аталған автобус бағытын  Арғымаққа дейін 5 шақырымға ұзарту бойынша тапсырма берді.

Қазір   № 35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы әкім тапсырмасына сай ұзартылып, бағытқа қосымша 2 автобус  қосылды. Аталған маршрут  11 шағынаудан аралығын қамтиды.

Айта кетейік, қаланың жолаушылар көлігін дамытудың кешенді кестесіне сәкес, бүгінде 78 бағытта қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Қала аумағына күнделікті бағытқа 895 автобус шығады.

Жауапты мамандар,  қоғамдық көлік қызметінде атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді.  Қазіргі таңда мегаполисте әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 77 маршрут айкындалған.

Аталған бағыттағы автобус маршруттары қала аумағын, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтарды  қоғамдық көлікпен қамтиды. Автобустардағы кондукторсыз жүйе де қызмет сапасын жақсартып, жолаушылар үшін тиімділігін көрсетуде. Сондай-ақ бұл жүйе автобус жүргізушілерінің де жалақысын арттыруға септігін тигізіп отыр.Қалада жалпы резервпен қоса санағанда 1100-ден аса автобус, 10 автопарк бар. Сондай-ақ жолаушылардың қолайлылығы үшін қоғамдық көліктерді заман талабына сай жаңарту  да басты назарда. Қалада барлық дерлік автобустар жаңа “Yutong” және “Ankai” маркалы заманауи көліктерге ауыстырылды. Тұрақты маршруттарда 600-ден астам автобус жанар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метанды пайдаланады.

Көліктерді газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станциясының құрылысы қазір қарқынды жүргізілуде. М.Дүйсенбекұлы станцияның құрылыс барысын қадағалады. Жауаптыларға құрылыс ерекшеліктерін назарға алып, жұмыстарды жобаға сәйкес атқаруды тапсырды. Сондай-ақ газ құбырларын тартуда орын алған өзекті мәселелерді шешу бойынша тиісті басқармаға нақты тапсырма берді. Автобустардың тасымалдау сапасын арттырып, қозғалыс жиігілін қадағалау қажеттігін ескертті. Жоспарға сәйкес, аталған станцияның құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 2024 жылдың сәуір айына жоспарланған.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында 3 егіз бір мектептің табалдырығын аттады
Келесі пост
Жалпықалалық сенбілікке 5 мыңнан аса тұрғын қатысып, сүйікті қаламызға тазалық сыйлады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu