34
Прокурор Дана Сәрсенбай соттан Шерзат Болаттың ісі бойынша басты куәгердің айғақтарына сыни баға беруді сұрады.
Оның айтуынша, бұған дейін Эльмира Нұрбекова басты күдікті Абзал Шынасылдың, Шерзатты пышақтағанын өз көзімен көргенін нақты айтқан.
Алайда қазіргі отырыста куәгер кенеттен айтқанынан айнып, айғақтарын өзгерткен. Прокурордың сөзінше, куәгер әдейі жалған мәлімет беріп отыр.
“Нұрбекованың айғақтары әртүрлі. Соттан оның сөздеріне сыни көзқараспен қарауды сұраймын. Мен куәгер әдейі жалған айғақ беріп отыр деп есептеймін”, – деді прокурор.