Автогаз құны жанармай бағасымен бірдей болады

402

2025 жылы Қазақстанда автогаз бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін. Билік, бұл жолы автогаз бағасын жанармай тарифімен теңестіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді.

«Биыл бізде баға 5-8 теңгеге өсті. Келесі жылы да газ шамамен 10 теңгеге қымбаттайды. Біздегі 20 аймақта баға әртүрлі. Мысалы, Алматыда литріне 75 теңге болса, келер жылы 85 теңге болады», – деді вице-министр.

Жамауовтың сөзіне сүйенсек, автогаздың қымбаттауына сұйытылған мұнай газының тапшылығы сеп болып отыр. Өйткені, жүргізушілердің көпшілігі, арзан деп, автогазбен жүруді әдетке айналдырған.

«Соңғы екі жылда біз осы тапшылықты жоюға тырысып жатырмыз. Ұлттық компанияларымыздан бізді қолдап, сұйытылған мұнай газын басқа отын түрлеріне қарағанда көбірек өндіруді сұрадық. Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салдық. Бағаны біртіндеп 5-8 теңгеге көтерсек деп жоспарлап отырмыз, келесі жылы да газ бағасы да сол диапазонда өседі», – деді вице-министр.

Бағаны көтеру арқылы, сұйытылған мұнай газ тапшылығын жоюға болады дейді жауаптылар.

Алдыңғы пост
Соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер көз жұмған
Келесі пост
Жол апатынан тағы бір көлік өртенді: Ішінде балалар бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu