30
Денсаулық сақтау министрлігі білім ошақтарында мемлекеттік бақылау тәсілдерін өзгертудің жаңа тетіктерін қарастырып жатыр.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі.
Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улануынан соң жауапты ведомство тамақтануды ұйымдастыруға қатысты талаптарды күшейтуді қолға алды. Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінгі таңда 14 мектеп ас блогы тексерулермен қамтылды.