Прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Құзырлы орган өкілдері пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 90 000 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шын ниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.