Бір өңір-бір бағыт: жаңа оқу жылына қойылатын маңызды міндеттер айқындалды

241

Мемлекет басшысының  тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті 20-тақырыптық бағытта еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған болатын. Шымкентте «Бір өңір – бір бағыт» принципі негізінде өтіп жатқан Тамыз кеңесі аясында «Білім саласындағы цифрлық технология» тақырыбындағы іс-шара екінші күн жалғасуда. Кеңестің бүгінгі пленарлық сессиясында  Премьер-министрдің орынбасары Т. Дүйсенова құттықтау сөз сөйлеп,  білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттерді жеткізді. Жаңа оқу жылы қарасаңындағы дәстүрлі жиынға қала әкімі М.Әйтенов қатысты.

Секциялық отырыста саланың дамуына ықпал ететін республика көлеміндегі 30-дан астам үздік авторлық жобалардың шеруі мен баяндамалар талқыланды. Жиынға республикамыздың барлық өңірлерінен келген қонақтар, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, ата-аналар қоғамдастықтарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары және қаламыздың үздік педагогтары қатысуда.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен оқу жылының қорытындысын саралап, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді айқындап берді. Осы ретте білім беру саласын цифрландыру бағытында Президент тапсырған міндеттемелер аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын Оқу-ағарту Вице-министрі А. Ілиясов баяндады. Сондай-ақ келелі басқосуда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қ. Төлеушин мектептердегі интернеттің жылдамдығын арттыру, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту бағыттарына тоқталды.

Бүгінде автоматтандырылған жүйелер мегаполисте білім сапасын арттырып, саланы жаңа деңгейге көтеруде септігін тигізуде. Осы бағыттағы арнайы платформалар мен жаңа бағдарламалардың  жүзеге асырылу барысын ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.Ерғарин баяндады.

Айта кетейік, алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде. Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы қарастырылған болатын. Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.

“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің  көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей  жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” – деді қала әкімі.

Алдыңғы пост
Шымкентте тәжік елінің ауыл шаруашылығы өнімдері және өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі өтеді
Келесі пост
Оңтүстік айналма жолы – транзиттік көліктердің қала сыртымен жүруіне мүмкіндік береді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu