Жыл соңына дейін 1100 шақырым жолда негізгі жұмыстар аяқталады

38

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, 2025 жылғы жол-құрылыс маусымы аясында қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2100 шақырым автожол қамтылмақ. Оның ішінде, 1100 шақырымда 10 өтпелі жобаның құрылыс жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш жобалардың аясында жолдарды абаттандыру, карьерлерді рекультивациялау, өндірістік базалар мен уақытша айналма жолдарды салу бойынша негізгі жұмыстар аяқталуда. Сондай-ақ 1000 шақырымда 7 жаңа жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Қарағанды – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор, Қызылорда, Рудный, Сарыағаш және Петропавл қалаларының айналма жолдары. Биылғы басым жобалар: Қалбатау – Майқапшағай және Қызылорда – Жезқазған автожолдарын қайта жаңарту учаскелері.

«Жыл соңына дейін 1100 шақырым жолда негізгі жұмыстарды аяқтау көзделген», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Жалпы ұзындығы 460 шақырымды құрайтын 47 нысан күрделі жөндеу, 6300 шақырымды құрайтын 233 нысанда орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ.

Алдыңғы пост
Ұлытау облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды
Келесі пост
Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu