Отбасылық жанжал кісі өліміне алып келді

33

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы 2025 жылдың қаңтар айында өзінің Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан үйінде азаматтық некедегі әйелі жәбірленуші П-ны пышақтап өлтірген. Олар, спирттік ішімдік ішіп, екеуінің арасында жанжал туындаған. Сотталушы үстелдің үстінде тұрған ас үй пышағын алып, жәбірленушінің жүрегіне бірнеше рет соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерген, ауырлататын мән-жайлар анықталмағанына байланысты, ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тапты. Нәтижесінде, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алдыңғы пост
Ақылы жолдарда жүргізушілерге тиімді болу үшін айлық және жылдық абонемент қарастырылған
Келесі пост
Полицейлер жүрек талмасына ұшыраған ер адамды құтқарып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu