Шымкентте медицина жиһаздарын шығаратын зауыт іске қосылады

Теги:
257

Қазір құрылыс-монтаждау бойынша зауыттың 85% құрылыс жұмыстары орындалған. Медициналық жабдықтар, соның ішінде керуерт пен шкаф жиһаздарын шығаратын зауыт «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқанын айта кетейік.

Жылына 250-ден аса медициналық жиһаз жасап шығаруға қауқары бар кәсіпорынға 208 миллион теңге инвестиция тартылды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіпкерлерге ашық және жылдам жер бөлудің тиімді әдістерін әзірлеу туралы тапсырма берді. Сонымен қатар бизнес өкілдері әкімшілік кедергілерсіз, заңды түрде учаскелер алуы керек деген болатын.

Осыған орай бүгінде зауыт «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы индустриалды аймақтан жер телімімен және дайын инфрақұрылыммен қамтылған. Нысан іске қосылған кезде 25 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кету керек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Соңғы үш күн ішінде өндіріс ошағы ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель жөнелтті. Әзірге Шымкент пен Түркістан облысын қамтып отыр. Зауыт былтыр 6,2 млн тонна мұнай өңдеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеу жоспарлануда. Оның 110,1 мың тоннасы бензин, 114,8 мың тоннасы дизель отыны, 15,1 мың тоннасы сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тоннасы авиаотын, 77,6 мың тоннасы мазут.

Президент зауыттың өндірістік қуатын арттырып, мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін жеткізуді міндеттеген болатын. Айта кету керек, соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті.

Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр.
Сондай-ақ, осы салада қала әкімінің төрағалығымен инвестициялық штаб тұрақты қызмет атқарады. Онда инвестициялық жобалар мен проблемалық мәселелер қарастырылады және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Алдыңғы пост
Шымкентте «қамқорлық» орталығы жүзге жуық балаға оңалту шараларын жүргізуде
Келесі пост
Шымкентте заңсыз құрылысқа қарсы күрес шаралары күшейтілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu