54
Жантүршігерлік жағдай, Оралда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, баланың ойнап жүрген добы сымға оратылып қалған. Жасөспірім, оны алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Дәл сол жерде тоққа түскен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір баланың жағдайы ауыр. Ол механикалық желдету аппаратында жатыр. Денесінің 95% күйік шалған. Төртінші дәрежелі күйік алды деген диагноз қойылып отыр.
Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.