Еліміз жыл сайын 800 мың тоннаға жуық фосфорит шикізатын экспорттайды 

39

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов химия және мұнай химиясы салаларын дамытуды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде химия өндірісіне арналған шикізаттың шамамен 45%-ы терең өңделмей, бірден экспортқа шығарылады. Еліміз жыл сайын 800 мың тоннаға жуық фосфорит шикізатын экспорттайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шикізатты қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық жаңа жобаларға жеке инвестиция тарту үшін жағдай жасауы қажет»,— деп тапсырды Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 шілдесіне дейін Үкіметке химия және мұнай-газ химиясы жобаларын салықтық және кедендік ынталандыру бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар енгізу міндеті қойылды.

Алдыңғы пост
«Таза Қазақстан», «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды
Келесі пост
Тоқаев Вьетнам елінің басшысы То Ламмен келіссөз жүргізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu