Мемлекеттік орман қорына 2 млрдқа жуық ағаш отырғызылмақ

35

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді.

2021-2024 жылдары республика бойынша барлығы 1 млрд. 150 млн. ағаш отырғызылды.

Тапсырманың орындалу мерзімінің ұзартылуына байланысты ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.

Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады.

Көшеттердің жасы 1-2 ж.;

биіктігі тұқымына қарай: жапырақты 10-30 см,

қылқан жапырақты ағаштарда 15-50 см.

Екпе көшеттер ормандарды қалпына келтіруде, сондай-ақ үлкен аумақтарда, материал бағасының төмендігі қажет болатын жаппай отырғызу кезінде қолданылады;

-республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман питомнигі бар, онда қазіргі уақытта 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі;

-орман заңнамасында мемлекеттік орман қорында аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынады.

Алдыңғы пост
Тоқаев Вьетнам елінің басшысы То Ламмен келіссөз жүргізді
Келесі пост
ТЖМ құтқарушылары кейуанаға көмекке  келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu