Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы өсті

Теги: , ,
155

Қазақстанда халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 74,44 жасқа дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, бұған Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізілген шаралар әсер еткен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.

«2023 жылдың 7 айында былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 7,4%-ға, соның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан 7%-ға, қатерлі ісіктерден 2%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 5%-ға, туберкулезден 20%-ға өлім-жітім төмендеді. Ал нәресте өлімі 10%-ға азайды», – деді министр.

Алдыңғы пост
ҰҚК: Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды
Келесі пост
Ұландықтар ұлағатты ұстаздарды ұлықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu