27
ҚР ТЖМ әуе кемесі жаңа туған нәрестенің шұғыл тасымалдауын жүзеге асырды.
Абай облысында жаңа туған нәрестелердің бірі ауыр жағдайына байланысты облыс орталығының медициналық мекемесіне шұғыл тасымалдануы қажет болатын. Әр минуттың маңыздылығын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
ТЖМ Қазавиақұтқару тәжірибелі ұшқыштары сәбиді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Ақсуат ауданынан Семей қаласына шұғыл түрде жеткізді.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі таңда, сәби мамандардың бақылауында.