Кісі өлтіруге оқталған азамат Армениядан экстрадицияланды

25

Қауіпті қылмыстарды қайталаған қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы Елшілігінің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталу үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады.

2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында аталған тұлға мас күйінде бұзақылық ниетпен жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған, ал оның өмірі шұғыл медициналық көмек көрсету арқылы сақталды.

Қылмыс жасағаннан кейін шабуылдаушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

Өткен жылдың қазан айында ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланған.

Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Айыптау қылмысын жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.

Алдыңғы пост
Шерзат Полат ісі бойынша судья блогерлерді арандатушылықтан бас тартуға шақырды
Келесі пост
Құбыр жөндеу кезінде екі адам қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu