32
Қайғылы жағдай, 15 мамыр күні, ШҚО- да Үлкен Нарын ауылында орын алды. Аталмыш елді мекенде су құбыры жарылып, оны реттеу жұмыстары жүргізілген. Сол мезетте, топырақ опырылып түсіп, екі жұмысшыны басып қалған. Олардың бірі 42 жаста болса, екіншісі 55 жаста.
Бұл факті бойынша, арнайы комиссия құрылып, анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ал, марқұмдардың отбасына билік, тиісті көмек көрсетіледі деп отыр.