119
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы С.Мұканов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Ресми мәлімет бойынша, 8-қабатындағы пәтердің балконы жанды.
Оқиға орнына жедел жеткен, өрт сөндіру бөлімшелері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы түтін толған кіреберістен баспалдақ маршымен жедел эвакуациялады.
Өрт өзге пәтерге таралмай, дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.