315
Маңғыстауда темір жол вокзалындағы полиция бөліміне келген белгісіз азамат ондағыларды аяқтан тік тұрғызды. Бұл туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полицияның кезекші бөліміне хабар түскен. Атырау облысының 49 жастағы тұрғыны сөмкесінде жарылғыш құрылғы барын айтқан.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына полицияның жеке құрамы жұмылдырылған.
Теміржол вокзалы ғимаратынан 37 адам эвакуацияланды. Вокзал аумағы қоршалып, автожолдар уақытша жабылды.
Аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш заттар табылмаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.