Елімізде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

36

Автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту бірнеше технологиялық кезеңнен тұрады. Әрбір кезең нақтылықты, қауіпсіздік талаптарының сақталуын және мамандардың үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді.

1. Дайындық және жару жұмыстары;

Тығыс тасты немесе қатқан топырақты учаскелерде бұрғылап-жару жұмыстары жүргізіледі. Алдымен ұңғымалар бұрғыланып, олардың ішіне жарылғыш заттар орналастырылады. Содан кейін қатты жынысты бұзу үшін жару жұмыстары жүргізіледі.

2. Жер жұмыстары;

Жару жұмыстарынан кейін жол учаскесін тазарту және жер төсемін қалыптастыру басталады. Топырақтарды жинап, оларды жаю арқылы жүріс бөлігінің негізі әзірленеді.

3. Дренаж және су өткізу жүйелерін орнату;

Жолдың ұзақ қызмет етуі мен бұзылуын болдырмау мақсатында су өткізу құбырлары, жыралар, нөсерлік су ағызғыштар орнатылады. Бұл элементтер жер үсті және жер асты суларын тиімді бұрып отыруға мүмкіндік береді.

4. Негіз қабаттарын кейін;

Одан кейін қиыршық тасты немесе құм-қиыршық тасты қоспадан жасалған төменгі негіз қабаты төселіп, әр қабаты тығыздалады. Қажет болған жағдайда цементпен немесе битуммен тұрақтандыру әдісі қолданылады.

5. Асфальтбетон жабындысын төсеу;

Соңғы кезеңде асфальтбетон жабындысы төселеді. Алдымен тегістеу қабаты, содан кейін тығыз құрылымды немесе қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетонның жоғарғы қабаты төселеді. Бұл жұмыстар асфальт төсегіштер мен арнайы техникалар арқылы орындалып, жабын сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Барлық кезеңде жұмыстардың сапасы бақыланып, жобалық параметрлер мен қауіпсіздік талаптары сақталып орындалады. Жол геометриясының нақтылығына және инженерлік құрылымдардың сенімділігіне ерекше мән беріледі.

Алдыңғы пост
Талдықорғанда жер сілкінді
Келесі пост
Сәтбаев қаласында ер адам қызға азғындық жасаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu