113
4 наурызда полицияға мектеп оқушысынан қоңырау келіп түсті. Ол қалалық мектептердің бірін террористер басып алды деп хабар берген. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, ҰҚК қызметкерлері дереу жеткен болатын. Мамандар оқу орнының аумағын тексеріп, қауіп расталмады. Сондай,ақ жарылғыш заттар мен күдікті адамдар табылмады.
Ал, қоңырау шалған оқушының жеке басы анықталды. Ол, 5-сі сынып оқушысы екен. Жалған хабар таратқаны үшін, ата-анасы жауапқа тартылды.
Айта кетейік, жалған хабар тарату бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеледі. (бүгінгі күні – 19,6 млн.теңге) Немесе, сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.