116
112 пультіне Петропавл қаласы, Горький көшесінде 1940 жылы туылған қарттың, ұзақ уақыт бойы есікті ашпағаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнына жедел құтқарушылар келді. Жағдай есіктің ішінен жабылғандықтан күрделенді. Құтқарушылар аспалы құралдың көмегімен пәтерге балкон арқылы кіріп, еденде жатқан қарт әйелді тапты. Оны көтеріп, кереуетке жатқызды. Оның жағдайына ешқандай қауіп төнген жоқ – медициналық көмекке ол мұқтаж болған жоқ»,-деп хабарлайды ҚР ТЖМ.