54
Тараз қалалық сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Т. Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б. Полатбеков және кәсіпорынның экологы М. Асан қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері — экологиялық тексеру кезінде анықталған заң бұзушылықтарды жоюға жағдай жасағаны, қамқорлық көрсеткені және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Үшеуіне жалпы көлемі 24 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.