52
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, прокурорлық қадағалау инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл ретте мобильді топтардың жұмысы ерекше рөл атқарады.
Мәселен, медициналық қызмет көрсету саласындағы инвесторларға қатысты заңсыз тексеру туралы сигнал бойынша Шымкент қаласының прокуратурасы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 26 стоматологиялық кабинетке мониторинг жүргізу жоспарланғанын анықтады. Алайда, бұл әрекет қолданыстағы заңнамаға сай келмейтін болып шықты.
Прокурорлық акт негізінде бұйрықтың күші жойылды. Басқарма басшысы ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша жауапқа тартылып, 196 600 теңге айыппұл төледі.
Инвесторларды құқықтық қорғау және ірі жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда.