48
Үндістанда болған жолаушы ұшағының апатынан кейін Boeing компаниясының акциялары күрт құлдырап, 8%-ға төмендеді. Құнды қағаздар бағасы 197 долларға дейін түсті. Бұл бір жыл ішіндегі ең ірі төмендеу болып отыр.
Сарапшылардың мәліметінше, апат кезінде Boeing-787 ұшағының қозғалтқыштары істен шыққан. Аталған қозғалтқыштарды өндіретін General Electric компаниясы да нарықтағы сенімнен айырылып, оның акциялары 5,5%-ға арзандады.
Инвесторлар арасындағы сенімсіздік пен авиация саласындағы тәуекелдер нарыққа қысым көрсетіп отыр.