Lamborghini көлігімен трюкті орындамақ болған блогер қаза тапты: Сот жүргізушіні кінәлі деп тапты 

24

Блогер Батырхан Ержанов, Lamborghini көлігінің үстінен секіріп өтпек болып, қайтыс болды. Көлікті Бейбіт Әлібеков берген. Ал, рөлде Батырханның танысы болған. Сондықтан, сотта сол адам сотта кінәлі деп танылды.

Ер адам кінәсін мойындады, ол тәуекелді түсінгенін, бірақ соған қарамастан келісім бергенін айтты. Алайда, ол түрмеге отырмайды — сот оны «абайсызда адам өліміне себеп болу» бабы бойынша 1,5 жыл бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Батырханның отбасы 210 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етті.

Алайда, сот тек 5 миллион теңгені ғана қанағаттандырды. Көлік иесі Әлібеков, сотта куә ретінде сөйледі. Ол марқұмның отбасына 10 миллион теңге төлегенін және жерлеу рәсімін қаржыландырғанын айтты.

Сотта блогердің қайтыс болған күні түсірілген видео көрсетілді. Кадрларда, ол трюкті орындау кезінде болған сәтсіз әрекеттер туралы айтып, жақындарымен қоштасады — бұл оның тәуекелді түсінгенін білдіруі мүмкін.

Алдыңғы пост
Петропавлда 2 жастағы бала шемішкеге қақалып көз жұмды
Келесі пост
Қоғамдық тәртіпті бұзған азамат қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu