Жағаұстатарлық жағдай, наурыз айында орын алған. Кісі өліміне қатысты фактіге байланысты сот отырысы басталды.
Сотта айтылған мәліметтерге сәйкес, айыпталушы жүретін қызының «мазалама» деген сөзін көтере алмаған секілді. Ашуға булыққан ол, базардан арнайы пышақ сатып алып, көлік жалдаған. Мұнан соң, 17 жастағы қаршадай қызды көлігіне отырғызып, көзден таса жерге алып барған. Ақыры арам ойын жүзеге асырып, бірнеше рет пышақ салған.
Ол аздай, марқұмды қорлап, денесін видеоға түсірген. Мұнан соң, досын шақырып, мәйітін қапқа салып, елді-мекенге тастап кеткен.
Қайғыдан қан жұтқан ата-ана қыздарын әбден іздеген. Алайда, хабар болмаған соң, полицияға арызданған. Бір күн ішінде, қыздың мәйіті табылып, күдікті ретінде жігіті де құрықталған.
Енді, қыздың жігіті адам өлтіргені үшін сотты болмақ. Ал, сыбайласына қылмысты жасыруға көмектесті деген айып тағылып отыр.