Шымкенттің 5 тұрғынын 60 млн теңгеге сазға отырғызып кеткен әйелді полиция іздеп жатыр

262

Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деген күдікті іздестіріліп жатыр.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті деп танылған Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша күдікке ілінген.

Әйел азаматы 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Нақтырақ айтқанда, сатылатын үйлердің иелеріне ол жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндірген. Ал қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін әйел азаматы басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

“Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие барлық адамдарды “102” арнасына немесе көрсетілген нөмірлер бойынша хабарлауды сұраймыз (8-771-671-56-63) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02″ делінген полиция хабарламасында.

Алдыңғы пост
Шымкент: 50 мыңнан астам халыққа қызмет көрсететін емхана күрделі жөндеуден өтуде
Келесі пост
Түркістандағы ауыл кітапханаларына 26 мың кітап тарту етілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu