Полиция Зайсан көліндегі заңсыз балық аулау әрекетінің жолын кесті

27

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, Зайсан көлінде браконьерлікке қарсы бағытталған жедел алдын алу шараларын жүргізді. Іс-шара барысында тыйым салынған аймақтарда балық аулау құралдарын және моторлы қайықтарды пайдаланып, заңсыз кәсіппен айналысқан үш браконьерлік топ әшкереленіп, қолға түсті деп хабарлады ІІМ.

«Атап айтқанда, Тарбағатай ауданының Қарақой ауылы маңында заңсыз балық аулауды ұйымдастырған тұлғалар ұсталды. Олар көксерке, шортан, табан секілді балықтарды заңсыз аулап, жалпы салмағы 130 келіге жуық балық тәркіленді. Сонымен қатар моторлы қайық пен ау құралдары алынды. Табиғатқа келтірілген залал көлемі 700 мың теңгеден асты. Марқакөл ауданындағы Шеңгелді ауылы маңында тағы екі браконьерлік топ ұсталды. Бірінші топтан көптеген ау құралдары, моторлы қайық және мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік тәркіленіп, 117 келіден астам заңсыз ауланған балық анықталды. Материалдық шығын — 780 мың теңге. Екінші топтан да жүзу және балық аулау құралдары, автокөлік тәркіленіп, 50 келіден астам балық алынды. Бұл әрекеттен келген залал — 322 мың теңге. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тергеу органдары барлық мән-жайларды анықтап, кінәлі тұлғаларды заң аясында жауапкершілікке тарту шараларын жүргізіп жатыр. Полиция азаматтарға заңсыз балық аулау — табиғатты бүлдірумен қатар, қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады және табиғат қорғау заңнамасын бұлжытпай сақтауға шақырады»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Шымкентте есірткі қылмысы артты
Келесі пост
Қазақстанда 15 мыңнан астам сотталған азаматқа рақымшылық жасалады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu