Шымкентте бірнеше үйдің ауласын су басты

52

Шымкент қаласы, Наурыз шағын ауданында орналасқан бірнеше тұрғын үй мен балабақшаның ауласын су басты. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Бадам магистралды каналының тасуы салдарынан жеке сектордағы үйлердің ауласы лайға толған. Тұрғындар, бұл бірінші жағдай емес екенін айтып, жауаптылардың әрекетсіздігіне наразы.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда ауладағы балалар ойыншықтары, қазан-ошақ пен орындықтардың түгелдей лайға көмілгені анық көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл жолы судың ағысы қатты болды дейді.

 «Даладағы қазан-ошақ, ойыншықтар, бәрі лайға ағып кетті. Су ағыны өте қатты болды. Адамды құлататындай еді. Летний кухнядағы үстелдер де кеткен. Есіктің алдында ештеңе қалмады», – дейді қала тұрғыны Айтбөбе Аханова.

Ахановтар отбасы ауланың бұрын да бірнеше рет су астында қалғанын айтады. Олар әкімдікке бірнеше рет шағымданғанымен, нақты нәтиже болмаған.

«Бұл бірінші жағдай емес. Былтыр үш рет дәл осылай болды. Есігімізді су жұлып кетті. Тандырды құлатып, үйдің алдына дейін жетті. Бізден бөлек тағы бес үйді су басты», – дейді Ерболат Аханов.

Бадам магистралды каналынан аққан су тек тұрғын үйлерді ғана емес, маңдағы балабақшаны да зақымдаған. Су тасыған сәтте балабақшада балалар болғанымен, ешкім зардап шекпеген. Алайда мекеменің ауласы сасық суға толып, қабырғалары қираған.

Жауаптылардың айтуынша, құбырдың іші қоқысқа толып қалған. Немесе, шаруалар суды жауып қойған болуы мүмкін дейді.

«Құбырдың ластануы салдарынан Бадам каналынан су тасыды. 10-нан астам үй мен бір балабақша ауласына су кірді. Бұл канал қалалық жайлы ортаны бақылау басқармасының қарамағында», – деді ТЖД басшысының орынбасары Сергей Огай.

«Каналға қоқыс тасталып, арнасы бітеліп қалған. Оның үстіне шаруалар суды жауып қойған, содан су тұрғын үйлер жаққа қарай кеткен. Бұл әдейі жасалған жағдай емес. Жарты сағаттың ішінде оқиға орнына жетіп, аудан әкімдігімен бірлесіп тазалау жұмыстарын жүргіздік», – деді басқарма басшысының орынбасары Мұрат Абдрахманов.

Тұрғындар болса, «жарты сағаттың ішінде» болған бұл жағдайдың салдары бірнеше күнге созылатынын айтады. Су шайып кеткен дүние-мүлікті қайта орнына келтіру де, лайдың иісін жою да оңай емес. Көршілер енді бірігіп, сотқа жүгінбек.

Фото: Нұргүл Жолымбетова

 

Алдыңғы пост
Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді
Келесі пост
Павлодарда ер адам бұрынғы азаматтық некедегі жұбайын қасақана қағып кеткені үшін сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu