Елімізде 1 млн-ға жуық адамның жалақысы төмен

171

Қазақстанда 1 млн-ға жуық адамның алатын жалақысы төмен. Бұл туралы Үкімет үйінде өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте белгілі болды. Премьер-министр орынбасары Алтай Көлгінов өз сөзінде биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін мәлімдеді.

«Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады», – деді вице-премьер.

Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 800 мыңға жуықтаса, осы жылдың бірінші тоқсанында олардың саны 446 мыңды құраған. Негізгі бөлігі аз қамтылған отбасылар. Демек Алтай Көлгіновтың сөзіне сенсек, елімізде 1 млн-ға жуық адам төмен жалақы алады.

Ал жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның айлығы 30% өскен.

«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20% , колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті», – деді Алтай Көлгінов.

Алдыңғы пост
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әкімдер жаяу жүруі тиіс»
Келесі пост
Ұйғыр ауданында кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu