42
Қайғылы жағдай, 19 маусым күні Ақсу қаласында орын алды. Азаматшаның үстіне, желдің салдарынан ағаш құлап, жаншып өткен.
«Шақыру сағат 17:29-да түсті, себеп – әйелдің кеуде тұсына құлаған ағаш шаншыған. Оқиға орнында медицина қызметкерлері 1968 жылы туған әйелдің қайтыс болғанын анықтады», – деп хабарлады Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.
Павлодар облысының ТЖ басқармасының мәліметінше, Ақсу қаласында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен.
Еске сала кетейік, күні кеше, Павлодар облысында күшті дауыл соқты. Бірнеше елді мекенде үй, көліктер мен ағаштар зақымдалып, түрлі қираулар тіркелді.
Екібастұз қаласы, энергия торабына байланысты апат салдарынан жарықсыз қалды.