Әлеуметтік желілерде Орал қаласында облыстық психикалық денсаулық орталығына 10 әскери қызметшінің жатқызылғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық ұлан бұл шындыққа жанаспайтынын мәлімет деп отыр.
«Аталмыш ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Орал қаласының облыстық психикалық денсаулық орталығында мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр. Ақтөбе облысының Қорғаныс істері департаментінен Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Арманбек Базарұлы Қайрош 2022 жылдың 9 тамызында дәрігер-мамандарына қаралуға жіберілді. Содан кейін ол облыстық психикалық денсаулық орталығына бейімделудің бұзылуы алдын ала диагнозымен ауруханаға түсті”, – деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.