2025 жылдың мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Тараз қаласында синтетикалық есірткі өндіруге арналған ірі жасырын зертхананы анықтап, жою бойынша арнайы операция жүргізді.
Арнайы іс-шара барысында Қазақстан азаматы, қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тінту кезінде, 66 келіден астам мефедрон психотропты зат, 2 тоннаға жуық прекурсор және есірткі өндірісіне арналған зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша, ҚК 297-1-бабы (“Есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз дайындау”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Ақпарат көзі: ҰҚК баспасөз қызметі