Алматы әуежайында мас болып төбелес шығарғандар полицейге шабуылдады

Теги:
232

Алматы әуежайының автотұрағында үш ер адам төбелес шығарған. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиға 26 шілдеге қараған түні орын алған. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ішімдік ішкен үш адам төбелесіп қалған. Осы кезде полиция қызметкерлері оларды ажыратпақ болғанда бірі қолындағы сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны ұрмақшы болыпты. Осы сәтте тәртіп сақшысы ескерту ретінде қызметтік қаруынан оқ атуға мәжбүр болған.

 

«Төбелес қатысушылары ұсталды. Олар – Алматы мен Түркістан облысының тұрғындары. Оның екеуі бұған дейін адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Олардың әрекеті ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі – бұзақылықпен сараланып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген Полиция департаменті берген мәліметте. Ведомствадағылар қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін атап өтті.

Алдыңғы пост
Жамбылда Талас өзенінен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Келесі пост
Шымкентте көшеден 19 жасар жігіттің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu