Жетісу облысында қарақұрт шағу оқиғалары жиілеп кетті

26

Жетісу өңірінде қарақұрт өрмекшісінің шағу деректері артып отыр. Облыс бойынша бүгінгі таңда қарақұрт шағудың 21 оқиғасы тіркелген. Бұл туралы облыстық ведомствоның баспасөз қызметі Бақ өкілдеріне хабарлаған.

«Зардап шеккендердің жетеуі – балалар, қалғандары  ересектер», – делінген ресми мәлімдемеде.

Мамандар қарақұрттың шағуы адам өміріне аса қауіпті екенін ескертіп, табиғат аясына шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе ауылдық жерлерде, қора-қопсылар мен егістік маңында сақ болу қажеттігі айтылуда.

Алғашқы белгілер байқалған жағдайда (дененің күйіп ашуы, әлсіздік, жүрек соғысының жиілеуі, тыныс алудың қиындауы) дереу дәрігерге жүгіну қажет.

Төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдары алдын алу шараларын күшейтіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Алдыңғы пост
Сайран көлінде егде жастағы ер адам қаза тапты
Келесі пост
Автобус жүргізушісіне қол көтерген азамат ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu