20
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер шамамен 10%-ға, яғни инфляция деңгейінде өсетін болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бұл мақсатқа 2026 жылға арналған бюджеттен 622 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.
«Зейнетақы төлемдерін алушылардың барлығына – ынтымақты зейнетақы, базалық зейнетақы алушыларға да төлемдер көбейеді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балаларға, оларға күтім жасайтын ата-аналарға, асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақылар өседі. Негізгі базалық көрсеткіштер ұлғайтылатын болады», – деді министр.