Солтүстік-батыс Түркияда ауқымды орман өрті басталды.
Түрік БАҚ-тарының мәліметіне сәйкес, , бірнеше күн ішінде 150-ден астам өрт тіркеліп, жүздеген адам эвакуацияланды.
Ауа райының қолайсыздығы жағдайды одан әрі қиындатты. Жексенбі күні кейбір өңірлерде қатты жел тұрып, Измир провинциясындағы өрт қала шетіне дейін жетті. Сонымен қатар, Маниса провинциясындағы қызыл жалында дес бермеді.
Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклының айтуынша, жалпы 153 өрт ошағы тіркелген, олардың 83-і, күні кеше болған. Қазіргі уақытта 8 белсенді өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, оның 4-еуі ішінара оқшауланған. Ең көп зардап шеккен өңірлер, елдің солтүстік-батысындағы Сакарья және Биледжик провинциялары.
Сондай-ақ, жергілікті билік, өрт Газиемир ауданын шарпығандықтан, Измир әуежайы уақытша жабылғаны хабарлады.