Құлсары: Емханада әйелін аса қатыгездікпен өлтірген адамға сот үкім етті

33

Атырау облысы, Құласарыда бұрынғы әйелін жұмыс орнында аса қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Сот, айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оқиға, ағымдағы жылы, көктемде орын алған.

«Атырау облысы, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, айыпталушы С. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі, 9 және 15 тармақтары бойынша кінәлі деп танылды», – деп жазылған мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 27 наурызда айыпталушы Instagram әлеуметтік желісі арқылы бұрынғы әйелімен хат алмасқан. Араларында жанжал туындап, ашуға бой алдырған С. әйелді өлтіруді шешкен. Ол қалтасына бүктелетін пышақты салып, әйел жұмыс істейтін емханаға барған. Кабинетке кірген бойда ол, бұрынғы әйелінің басынан ұрған. Оның әріптесі араша түспек болғанда, С. пышақты шығарып, әйел көмекке жүгіріп кеткенімен, күдікті оның мойны мен кеуде тұсына екі рет пышақ сұққан. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

Сот айыпталушының кінәсін ішінара мойындап, өкінуін ескеріп, марқұмның туыстары талап еткендей өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолданған жоқ. Сонымен қатар, жәбірленуші тарапқа моральдық шығын өндірілді.

Алдыңғы пост
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы алаяқтық жасады деп күдіктелуде
Келесі пост
Астана қаласында жалған терроризм фактісі бойынша 40-тан астам іс тіркелген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu