Қазақстанда суды есепке алудың бірыңғай жүйесі құрылады

32

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су ресурстарын басқару саласындағы цифрландыру шаралары туралы айтты.

Оның айтуынша, жаңа цифрлық шешімдерді енгізу басым бағыттардың бірі болып отыр. 2025 жылдың басынан бастап министрлік Еуразия даму банкінің цифрлық бастамалар қорының гранты есебінен Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесін әзірлеу жүргізілуде. Платформа спутниктер мен гидропосттардан бастап статистика мен есепке алу құралдарына дейінгі әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіріп, елдің су қорын басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігін жасайды.

Екіншіден, суармалы желілер мен су ресурстарын есепке алуды автоматтандыру бағытында жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұзындығы 3,5 мың шақырымнан астам суару инфрақұрылымын жаңғырту және цифрландыру мақсатында каналдарды кезең кезеңімен автоматтандыру басталды.

Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарында жалпы ұзындығы 5 мың км-ден астам суару желілерін цифрландыруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 2027 жылға дейін су есептеу жүйелерін толық цифрландыру, сондай-ақ автоматтандырылған гидрожапқыштар енгізу жоспарлануда.

Айта кету керек, цифрландыру жобаларын әзірлеу барысында басым бағыт отандық өндірушілердің заманауи технологиялық шешімдері мен жабдықтарына назар аударылады.

Барлық цифрлық үдерістерді үйлестіру үшін су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы құрылды. Оның міндеттері – деректерді жинау және талдау, платформаларды сүйемелдеу және саладағы цифрлық қызметтерді дамыту.

Алдыңғы пост
Жыл соңына дейін 150 ауылдық елді мекеннің сумен қамту жағдайы жақсарады
Келесі пост
Алматы да иттер жасөспірімге шабуыл жасап, құлағын жұлып алғанұлағын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu