Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты, Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басқан болатын.
Қазіргі таңда, Батыс Қазақстан облысында саяжай үйлерінде тұрғындардың бар-жоғына тексеру, жағаларды бекіту, қапшықтар және инертті материалдар төсеу, су сору жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Орал қаласы, Самал шағын ауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Ал, эвакуациялық пункттерінде 2 300 адам, оның ішінде 985 бала бар. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Жалпы, республика бойынша 24496 адам өз үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакуациялау пункттерінде.
11,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 4608 тұрғын үй мен 2774 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.