Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

35

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.

– Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Келесі пост
Банкке айыппұл салынды, қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu