17
5 шілде күні Балқашқа бағытталған тас жолда ауыр жол апаты орын алды.
Оқиғадан біраз уақыт бұрын балалар мен екі ересек адамның бақытты сәті бейнетаспаға түсіп қалған.
«Kia Sedona» автокөлігінің жүргізушісі алда келе жатқан көліктерді басып озуға әрекет жасап, жол белгілеріне назар аудармай, жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумаққа кіріп кеткен. Салдарынан, көлік металл қоршауға соғылып, бірден отқа оранған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан көліктегі жеті жолаушы, оның ішінде балалар да бар, оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.