«Есірткі саудалаған». Іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Теги: , ,
190

Аса кірі көлемде есірткі саудалағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған. Содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды» делінген ведомство мәліметінде.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алдыңғы пост
Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтелмек
Келесі пост
Докторантураға оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu