12 жыл бойы халықаралық іздеуде болған күдікті Дубайдан ұсталды

34

Дубайдан бұзақылық қылмыс жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазақстан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан бұзақылық қылмыс жасаған күдіктіні елге қайтарды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында жәбірленушіге бұзақылық ниетпен бірнеше рет дене жарақатын салып, оның екі жерден жақ сүйегін сындырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті елден қашып кеткен. 12 жылдан кейін ол Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағынан табылып, ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан полициясына тапсырылып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Астанада жалған шот-фактуралар арқылы 1,6 млрд теңге салықтан жалтарған қылмыстық топ жауапқа тартылды
Келесі пост
Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu